23 қаң, 2021 сағат 09:15

Зейнетақы жинағын алу: Үш сағатта арнайы сайтта 4 мыңнан астам өтінім тіркелді

Бүгін арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 4 мыңнан астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін сағат 09:00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды. Содан бергі үш сағат ішінде 4 509 өтінім қабылданды. Қазіргі кезде өтінім қабылдайтын сайт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Банк мәліметінше, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 65 мыңға тарта арнайы шот ашылды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.