#
#
Бейсенбі 28/01/2021

Зейнетақы Қоры салымшыларының инвестициялық табысы 1,1 трлн теңгеге жетті

  • 25.11.2020
  • 0
  • 125

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жыл басынан бергі инвестициялық табысы 1,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының сомасы 12,6 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстың кіретіні белгілі. 

«Тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық портфель инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылған. Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 жуығы теңгемен және 1/3 жуығы шетел валютасымен, оның басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған. Салымшылардың (алушы) зейнетақы жинағының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа да операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралын нарықта қайта бағалау, валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер кіреді», – деп хабарлады қордан. 

Жылдың 10 айында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 қазанына дейін салымшылардың шоттарына 1,1 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе артық. 

Айта кетейік, бір жыл ішіндегі кірістілік 7,1% инфляция кезінде 10,88% болды. Бұл ретте 2020 жылдың басынан бастап кіріс 9,94%, ал инфляция 5,5% құрады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар