02 ақп, 2021 сағат 12:13

Зейнетақы қаржысын шипажайда емделуге пайдалану мәселесі талқылануда - Ләззат Ибрагимова

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажайдағы емге пайдалана ала ма? Тілшілердің бұл сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ережелер қазір Әділет министрлігінде бекітілгелі жатыр. Менің білуімше, бұл мәселе соңғы сатыда тұр. Біздің соңғы баспасөз мәслихатында айтқанымызды естігенін нақты білемін. Сегізінші мақсат та пайда болды. Ол - қосымша репродуктивті көмекші технологиялар. Қазір ЭКО жасатуға болады. Бұл ереженің соңғы құжатта пайда болғанын нақты білемін» - деп түсіндірді банк басшысы. 

Ләззат Ибрагимова шипажайдағы ем туралы шешім әлі қаралып жатқанын жеткізді

«Бұл бағытта менде нақты ақпарат жоқ. Бірдеңе деп, салымшыларды шатастырғым келмейді. Ол ережелерде баспананы алудан бөлек басқа да бизнес процестер қолжетімді болады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, 2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді. Зейнетақы қаржысын емделу үшін алу ережелері жақында жарияланады.