23 мау, 2020 сағат 14:40

Зертханалар жұмысы осы аптада жанданады – Камалжан Надыров

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы зертханалық диагностикалау туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің бірқатар зертханаларымыз түрлі себептермен уақытша істен шықты. Осы аптада жұмыс жаңартылатын болады. Сондай-ақ Болат Өтемұратовтың қоры сыйлаған мобильдік зертхана пайдалануға беріледі. Зертханалардың істен шығуы қоғамда резонанс тудырды. Бірақ, пациенттерде тест нәтижесінің оң болмауына қарамастан, коронавирусқа ұқсас клиникалық көрініс тапқан жағдайда, біз диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасына сәйкес, тестілеу нәтижесін күтпестен емдеуді бастаймыз. Бұл емдеу процесін бақылауға және процесті қауіпті асқынуларға дейін өршітіп алмауға мүмкіндік береді. Болашақта осындай іркілістерді болдырмау үшін жеке жеткізушілерді тарту арқылы ағымдағы қуаттарды арттыру және жаңа зертханаларды ашу мәселесі пысықталып жатыр», - деді К.Надыров.