Қазақстандық, 13 жасар Зара Даркен Еуропа теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде үздік 30 ойыншының қатарына кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Зара 14 жастан аспағандар арасында бірден 60 сатыға көтеріліп, 30-орынға жайғасты.
Мұндай секіріс жасөспірім спортшының ЕТ (Еуропа теннисі) сериясындағы турнирлерде сәтті өнер көрсетуі арқасында мүмкін болды. Сондай жарыстардың бірінде Зара чемпион атанса, екіншісінде финалға дейін жетті. Tennis Park Open by Head додасында ол тартысты ойында украиналық Елизавета Котлярға ғана жол берді.
Зара Даркен – жасөспірімдер арасында үздік отыздыққа іліккен ең жас теннисшілердің бірі. Ол – Ақтөбе қаласындағы теннис орталығының тәрбиеленушісі.
«Болашақта мен үлкен теннис турнирлерінде жеңіске жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы болғым келеді. Ерлерден Рафаэль Надальды, әйелдерден Анжелика Керберді пір тұтамын. Олардың ойындарын теледидардан көріп отырамын. Әрине, спортта жеңістер ғана емес, ұтылыстар, көзге жас алатын кездер де болады. Тек жақсы ойнағаныңызға сенімді болсаңыз ғана сергіп қаласыз», дейді Зара Даркен.