11 қар, 2025 сағат 15:07

"Зәкеңді атқандар екі дүниенің азабын көрер деп ойлаймын"


Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм зайыбы, саясаткер Заманбек Нұрқаділовті еске алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Мақпал Жүнісова өзінің instagram парақшасында 12 қараша Заманбек Нұрқаділовті  атып кеткен күн екенін еске түсірді.

"Атқандар екі дүниенің азабын көрер деп ойлаймын", - деді ол әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Заманбек Нұрқаділовтің өзіне арнаған өлеңдерін жариялады.

Фотолар: Мақпал Жүрісованың instagram парақшасынан скриншот