"ВДудь" YouTube-арнасында ресейлік видеоблогер Руслан Усачевпен сұхбат шықты, шығарылымның бір бөлігі Қазақстанда түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кездесу Ақтауда болды. Усачев әлемге саяхатқа шыққалы отырғанын айтты, ол енді ай сайын әртүрлі елде тұрады. Қазақстан - блогер тұрып үлгерген Черногориядан кейінгі екінші ел.
Шығарылымда Дудь пен Усачев Каспий теңізінің жағасына, Бозжыра шатқалына барады.
"Бірінші секундтан бастап Черногориямен салыстырғанда өркениеттің айырмашылығын сездім. Ел үлкенірек, байырақ екені сезілгендей. Адамдардың қажеттіліктері де көбірек. Қызығушылықтары әртүрлі", - деді Усачев. Блогер Қазақстанда тұруға болатынын айтты.
Руслан Усачев - ресейлік видеоблогер, жүргізуші, саяхатшы, суретші және фестиваль ұйымдастырушысы. "Пора валить!" тревел-шоуының жүргізушісі, сценарист. Усачевтің YouTube-тегі арнасына 2,5 миллионнан аса адам жазылған.