31 там, 2021 сағат 10:13

ЮНЕСКО Ауғанстандағы мәдени мұраны сақтап қалуға үндеді


ЮНЕСКО-да Ауғанстандағы оқиғаларды мұқият бақылап, елдің бай мәдени мұрасын сақтап қалу үшін қолдан келер барлық әрекеттер жасалуда. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, 20 жыл бұрын, яғни 2001 жылдың ақпан айында тәлібтер Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Бамиан аңғарындағы Будданың екі алып мүсінін жарып жіберген болатын. 

Тәлібтер бұл мүсіндерді «пұтқа табыну» нысандары деп атады. Біздің дәуіріміздің VI ғасырында тасқа ойып жазылған Бамиан мүсіндері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген еді. 

Ұйымның Бас директоры Одрэ Азуле Ауғанстандағы мәдени мұраны сақтау саласында жұмыс істейтін мамандардың қауіпсіздік жағдайын құру қажеттілігін атап өтті. Ол мәдени ескерткіштерді сақтап қалуға әрекеттеніп жүрген мамандар Ауғанстанның ұлттық бірлігі мен әлеуметтік құрылымын қолдауда маңызды рөл атқаратынын айтты. 

Айта кетейік, Ауғанстанда ежелгі Герат, Минарет қаласы, Джемдегі археологиялық қазбалар, Бамиан аңғарынданы мәдени ландшафт, сондай-ақ Кабулдағы Ұлттық мұражай сияқты мәдени бай нысандар бар.