23 жел, 2024 сағат 13:59

YouTube біраз видеоны бұғаттауды бастайды


Фото: Mas Agency


ЖИ арқылы жұмыс істейтін құрал видеодағы дипфейктерді автоматты түрде анықтап, жою туралы сұрау жіберуге қауқарлы, деп жазады inbusiness.kz сайты Hi-tech сайтына сілтеме жасап.


Яғни, видеохостинг Creative Artists Agency агенттігімен бірлесіп, "ұқсастықты басқару" технологиясын әзірлеп отыр. Аталған құрал арқылы танымал адамдардың бет-бейнесіне ұқсас жалған бейнелердің бар-жоғы анықталады. Егер дипфейк табылса, YouTube модерациясына видеоны жою туралы сұрау жіберіледі.


Дипфейк – жасанды интеллект пен терең машиналық оқыту технологияларын пайдаланып, адамның бейнесі мен даусын өзгерту арқылы жасалған жалған контент. Бұл технология шынайы видеолар мен аудиоларға ұқсас, бірақ толығымен жалған мазмұн жасауымен танымал.


Сондай-ақ, видеохостинг мазмұнына сәйкес келмейтін сипаттамалары бар видеоларды да бұғаттауға кіріспек. Бұған кликбейтке шулы атаулар, видеолардың сипаттамалары және мұқабалар жатады.


Бұған дейін кибершабуылдарды талдау орталығы Талғардағы оқиғаға қатысты желіде боттардың белсенділігі артқанын хабарлаған. Яғни, бүкіл Қазақстан аумағында талқыға түскен оқиғаны белгісіз біреу өзінің жеке мүддесі үшін пайдаланбақ болғаны әшкереленген.