Якутияның 12 ауданында орман өрті қауіп төндіріп тұр. Онда қазір 906 мың га орман өртеніп жатыр. Бұл туралы журналистерге Ресейдің өңір бойынша ТЖМ МБ мәлім еткен, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Қауіпті жағдай Алдансий, Горный, Жиганский, Кобяйский, Мирнинский, Нерюнгринский, Олекминский, Оймяконский, Усть-Майский, Томпонский, Хангаласский және Сунтарский аудандарында сақталуда. Бұл аумақта 266 өрт ошағы тіркелген. Өрт ауданы 906 мың гектарға жетіп отыр», - деді құтқарушылардың баспасөз қызметінде.
Әуе орманды сақшыларының соңғы деректері бойынша, қазіргі кезде өңір аумағында 323 табиғи өрт жануда, тәулік ішінде 19-ы ауыздықталды, өртті сөндіруге 2 749 адам және 362 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарушылар негізгі күштерін елді мекендерді табиғи өрттің салдарынан қорғауға бағыттады. Өрттің үздіксіз мониторингі жүргізіліп отыр.
«Бір тәулік ішінде өрт саны 17 ошаққа көбейді, өрттің өсуі, найзағай фронттарынан өтуі, сонымен қатар 13 ауданның аумағында 4-5 кластық өрт қаупінің сақталуымен байланысты табиғи өрттің ауданы 135 мыңнан аса гектарға өсті», - деді ТЖМ Якутск бас басқармасының бастығы Павел Гарин.
Жаздың басынан бері Ресейде орман өрті күнделікті Якутия жерінде тіркелуде. Өңірдегі барлық ормандардың ауданы – 256,1 млн га (субъект аумағының 83,4%-ы). 2020 жылы орман өрті болған аудан 6 млн гектарға көбейді. Қазір Якутияда орман өрттерінен төтенше жағдай режимі енгізілген. 1 шілдеден бастап өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен адамдар мен транспорттық құралдардың ормандарға келуі, ормандарда белгілі бір жұмыстардың жүргізілуі шектелді.