26 нау, 2020 сағат 07:31

WBO барлық жекпе-жекті кейінге шегерді

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) коронавирус пандемиясына байланысты осы жылдың маусым айына дейін жоспарланған барлық турнирді өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы айқастарға байланысты маңызды мәлімдеме жасағымыз келеді. COVID-19 коронавирусы туындатқан әлемдегі қазіргі ахуалға байланысты WBO барлық шараны 2020 жылдың маусым айына дейін шегерді. Жаңалықтарды сіздерге хабарлап тұрамыз», - деп жазылған бокс ұйымының ресми сайтына сілтеме жасаған ВКонтактедегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында. 

Айта кетсек бұған дейін украиналық боксшы Василий Ломаченко мен америкалық Теофимо Лопестің жекпе-жегінің кейінге шегерілгені жарияланған еді. Айқас 30 мамырда өтуі тиіс болған. Онда Ломаченкоға тиесілі WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белдігі сарапқа салынбақ болды.