Ақпараттық соғыс заманында әлеуметтік желілердің бәсі биік. «Вконтакте», «Фейсбук», «Ютуб» сынды түрлі бағытта жасалған бағдарламалардың тек комерциялық мақсатта жұмыс істейтіні көңілге қонымсыз. Өйткені олардың өз діттеген мүдделері бар.
Аталған виртуалды өмірде әлемнің барлық дерлік халқы өмір сүреді. Таңның атысы, кештің батысы шынайы өмірден гөрі жасанды өмірге әуеспіз. Өйткені жасампаздыққа етіміз үйреніп, дамыған сайын әрбір технологияның жетістігінен ләззат алудамыз. Бірақ біз қажеттілігіміз өтелген деңгейге дейінгі шындықты ғана білеміз және арыға баруға қауқарсызбыз. Себебі әрбір адам баласына құлып берілгенімен, оның кілті біреу-ақ. Ол тек құлыпты ойлап тапқан адамның немесе бәрінің түбіне жетіп, ақиқатын көрсете білген жанның қолында ғана болады. Біз кілтті қолымызға ұстап көрмесек те, ақиқатын көрсетуге тырыстық.
«Вконтакте» осы аталған виртуалды өмірдегі бағдарламалардың ішінде ең қауіптісі және жастарды өз алдына тәрбиелеуші ошақ.
«Mail.Ru Group» компаниясына тәуелді «vk.com» атауымен таныс «Вконтакте» әлеуметтік желісі 2006 жылдың 10 қазанынан бастап әлеуметтік желі ретінде қолданысқа енді. Аталған сайттың иесі – Павел Дуров.
Павел Дуров кім?
Павел Валерьевич Дуров – ресейдегі ең бай адамдардың тізіміне кіретін, белгілі ғалым адамдардың отбасында дүниеге келген 33 жастағы орыс азаматы. 2014 жылдан бастап ресей азаматы емес және бұл елде тұрудан бас тартқан. «Вконтакте» әлеуметтік желісінің 12 % акциясын сатып, басқа елге тұрақтаған. Көкейде тұратын ең бірінші сұрақ: «орыс азаматы бола тұрып, елден кеутіне не себеп болды? Қайтып келмейтінін жариялы түрде айтуы нені меңзейді?» аталған сұрақтарға толыққанды жауап беру қиын. Себебі П.Дуров артына із қалдырып жүруді ұнатпайтын адам. Тек бір-ақ болжам бар, ол Павел Дуровтың характеріне және оның ортада өзін ұстауына байланысты. Бұлай дейтініміз, ресей сайттарында П.Дуровтың характері қиын адам екені жазылады. Сонымен қатар ол қоғамдық ортада өзінің ойын ашық және ерсі түрде білдертін адам болған. Өз сөзінде: «өкінішке орай қайтарға жол жоқ. Бұл елде интернет-бизнесті жүргізу мүмкін емес» деп келтірген. Бұл ғана емес 2013 жылы 13 желтоқсанда Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі П.Дуровтан «вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Евромайдан» парақшасы туралы жеке ақпараттарды талап еткен және үй иесі бұл дүниеден бас тарта отырып, келісімін бере алмаған. Ендеше жас болса да іске ерте араласқан П.Дуровтың билікпен байланысы болды және ол қарама-қайшылыққа ұласып кеткен.
П.Дуров «вконтакте» әлеуметтік желісін ашпастан бұрын университет қабырғасында жүріп «пропаганда и психологическая война» мамандығы бойынша білім жетілдірген. Осы мамандықты аяқтаған соң барып әлеуметтік желіні ашуды көздеген. Біздің де айтып отырғанымыз бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі виртуалды-психологиялық және идеологиялық соғыс. Ендеше мамандығын мықтап меңгерген П.Дуров адам психологиясымен жақсы жұмыс жасай алады деген сөз.
Оның сүйкімсіз әрекетінің бірі 2012 жылы Питерде терезесінен 5 000 рубльді далаға шашып, қала күні болып жатқан мерекелік ортаның сәнін кетірген сәті. Ақшаға таласқан халық төбелес шығарып, қалада біраз уақытқа дейін «бум» көтерілген. Бұл әрекетке П.Дуров не үшін барды? Көксегені ақшасы көп екенін көрсету ме әлде мазақ қылу ма?! Әртүрлі пікір айтылғанымен бәрібір нақты айтылған болжам жоқ.
Діни көзқарасы – буддист деп келтіреді. Католиг немесе православ емес. Жұрт арасында П.Дуров тегі еврей деген алып-қашпа сөз бар. Себебі Дуровтар отбасымен білімді және ғылымға берілген адамдар. Бұл болжамның шындық екенін көрсетер дәлел болса, онда «вконтакте» желісінің идеология бойынша жұмыс жасауы – заңдылық.
Әңгіменің ауылын автордан бастауымызға себеп, туынды жасалу үшін оған оның иесі себепкер болу керек. Яғни «вконтакте» желісін жастар үшін ашқан Павел Дуровтың аяқ – асты танымалдыққа ие болып, байлыққа кенелуі билікті алаңдатары анық. Ал оны пайдалану жағы да қалыс қалмасы анық. Себебі Дуровтың виртуалды әлеміне айына 315 млн адам тұрақты түрде кіреді. Бұл масса кімді болмасын алаңдатары анық.
«Вконтакте» әлеуметтік желісі туралы
Дуровтың виртуалды әлемі бүгінде әлем бойынша өзінің белсенділігін арттырып келе жатқан әлеуметтік желі. Ең үлкен пайдалану ошағы Беларуссияда. Себебі бұл елде сайттың рейтинг көрсеткіші І орында тұр. Ал Ресей, Украина және біздің елімізде сайт ІІ орындағы белсенді әлеуметтік желі. Ал әлемнің алып державасы АҚШ-та 384 орында тұр. Тіпті бұл ел аталған әлеуметтік желіні пайдаланбайды деуге болады. Құрлықтың ар жағындағы ел бірдеңе біледі... Олардың негізгі сөйлесу құралы және ақпарат алмасу ортасы Марк Цукербергтің «Фейсбук» әлеуметтік желісі.
«Вконтакте» – еркін форматтағы сөйлесу мен видео, сурет таратуға болатын, жастарға арналған әлеуметтік желі. Жастарға арналған дейтініміз, құрылымы жеңіл, пайдалану функциялары ыңғайлы, түрлі видео көріп, ән тыңдауға болатын, өзіңнің жеке парақшаң арқылы жеке топ немесе парақша ашуға рұқсат етілген, сөз бостандығы сақталған жер. Жалпы желі туралы тарихи анықтама беру маңызды емес, маңыздысы бұл желінің жұмыс істеу процесі болмақ.
«Вконтакте» – жастардың екінші «үйі»
ХХІ ғасыр – үлкен идеологиялар жүріп жатқан ақпарат майданы. Бұл майданға қазақ жастарының да кіріп, өз үлестерін қосып та үлгергендері бар. Мәселен 800 мыңнан аса жазылушы оқырманы бар «За тебя Бәке» парақшасы мен 300 мыңнан аса оқырманы бар «Махаббат қызық мол жылдар» парақшасы жастар үшін жұмыс істеуде. Бұл саналы жастардың қоғамға өз үлесін қосуға бағытталған еңбектері. Дегенмен бәрі жақсы бола бермейді...
Бүгінде П.Дуровтың ойлап тапқан виртуалды әлемі жастардың екінші «үйіне» айналып кетті. Себебі бәрі осында. Бір-бірімен сөйлесу, танысу, түрлі топтарға жазылып солардың айтағымен жүру секілді дүниелер көп.
Мәселен біраз уақыт бұрын «Есьже, я приезжий» тобы дауға ілікті. Онда қазақ жастарының мәдениеттен аттап кеткен өмірі көрсетіліп, қоғам оларға әзілмен қарай бастады. Тіпті мүгедектерге дейін әзіл келтіруге тайынбаған топтың көздегені көңіл көтеру ғана болғанымен, өскелең ұрпақтың психологиясы теріс бағытты қалыптастырушы идеология екені анық. Парақша біраз уақыт жабылып (мемлекет тарапынан) қайта ашылды. Бұл әлеуметтік желінің ең жаманы жері де осында. Сіз біреуін жабасыз басқасын ашады немесе қайта сол парақшаны жандандырып алады. Ал ондағы оқырмандар бір-бірімен қайта қауышады.
Соңғы кездері діни-экстремизмдік соғыстар мен уағыздардың көбеюінің белең алуына себепкер де осы желі. Себебі онда жүздеген топтар бар. Ол топтарда түрлі уағыздар салынып, аяттар құраннан деп көрсетіледі. Ал діннен мақұрым жастар аят деп тұрғанды көрсе кәміл сеніп, табынып кетерлері де шындық. Себебі енді көзін ашып келе жатқан жастарға алғашқы дүние таңсық әрі дұрыс жағынан көрінуі мүмкін. Бұл – қасірет. Себебі Сирияға кетіп жатқандардың, еліне қарсы көтеріліс жасап түрлі жауыздыққа барып жатқандардың көбі «вконтакте» арқылы ақпарат алғандар. Басында айтып өткеніміздей, қазір ақпараттық соғыс жалынын жан-жағына шарпып тұрған дәуір.
Ең сорақысы эротикалық суреттер мен видеоларға байланысты. «Фейсбук», «Ютуб», «Инстаграмм» атты әлеуметтік желілерде эротикалық анайы видеоларды көрсетуге тиым салған. Арнайы бекітілген ережеге сай бұл желілер өз қызметін дұрысынан атқарып келеді. Бұл бірақ бәрі керемет деген сөз емес. Ал «Вконтакте» желісінде сіз эротикалық видеоны көріп қана қоймай жүктеп те аласыз. Тіпті анайы топтардың саны өте көп. Кіріп көрсеңіз қазақ жастарының да қарасы көрінеді. Бір-екеуі емес, жүз-мыңдап отырады. «Тәрбие –тал бесіктен» дегенмен, ата-ананың көзі бұрылып кетсе интернетке байланған жастардың осы топтарға кірмесін, қосылмасына кім кепіл? Бұлардың сүзгісі жоқ. Ауыздарына келгенін жазып, ойларына келгенін жеткізеді.
«Вконтакте» әлеуметті желісіндегі ең көп оқылатын және жастарға ұнайтыны қысқа да нұсқа фразалар жиынтығы. Адамға мотивация беруге арналған және өлімге итеруге бастайтын фразалар өріп жүр. Ол жердегі грамматикалық қателіктер мен үндестік заңы туралы айтпаған күннің өзінде, тілдің парша-паршасын шығарып сөйлесетін, пікір қалдыратын жастардың үлесі көп. Ал оларға дұрыс-бұрыс деп жатқан кім бар?
Кәрі құрлықтың адасып жеткен жері – көгілдірлер мен қызтекелер. Ал бұлардың да үлесі бұл жерде жоқ деп айта алмайсыз. Текті елдің, ұстанымы берік ұлттың ұрпағы мен қызы арынан адасса онда ол елдің өлгені. Себебі олардың сол ұлттың айнасы. Ал біздің айналарымыз шытынап кетпей берік тұрғандығына сенімдісіз бе?! Әрине жоқ. Себебі қазір тәрбие беретін әке мен ананың өзіне тәрбие беретін адам керек.
Ең қорқыныштысы, 13-17 жас аралығындай ұлдар мен қыздардың парақшаларынан өлім жайлып сөздерді, жалғыздық туралы, террорлық бағыттағы видеоларды көріп жаға ұстайсыз. Тіпті бесіктен белі шықпаған қыздардың махаббат үшін жылап, «өлем» деп жазған үлкен сөзіне не дерсіз?!
Ұсыныс:
П.Дуровтың әлемін жауып тастау жастар арасында наразылық тудыруы мүмкін. Өйткені олар үшін бұл жер тұрақты кіріп-шығып тұратын үйлері секілді. Ал үйінен айырылған бала қандай қадамға баратыны белгісіз. Сондықтан дерт денеге сіңбей тұрып алдын алу керек. саналарына берсін десек кешігіп қаламыз...
Жақында ғана парламентте «Фейсбук» әлеуметтік желісін жауып тастау туралы ақпарат тарады. Яғни бұл жердегі сөз бостандығы билікке ұнамағаны белгілі. Өйткені мұнда зиялы қауым және оппозициялық бағыттағы топ өкілдері бар. Дегенмен егер жабуға күш салу керек болса «Вконтакте» әлеуметтік желісін жабу керек. Бұл дұрыс шешім болар еді.
Ал оны жабу дамыған заманда жабайылықтың белгісі деп саналатын болса мемлекет заң арқылы белгілі бір шара қарастыру керек. Яғни топтардың бәрін сүзгіден өткізіп, шама келсе Дуровтың өзіне хабарласу арқылы шектеу жасау керек. Бұлай жасауға мемлекеттің құқы бар. Өйткені мұндағы бей-берекетсіздік бір елдің тағдырына әсер етуі мүмкін. Онсыз да «Вконтактенің» фразаларымен сусындап, эротикасымен ләззаттанып, құранда жоқ уағыздарымен нәрленіп жүрген жастардың буыны өсіп келеді.
Қорытынды
Қазақстан –көп ұлтты мемлекет. Бірақ топырақ пен шаңырақтың, дала мен байлықтың иесі – қазақ. Ұлттық бірегейлігі бар, ұстанымы мен дәстүрі бар, гені таза, тектілігі бір төбе елдің қамалын бұзу ақымақтық болып көрінгенімен, іште жатып құрт секілді жей берсе бір күні өзіміз-ақ қабығымыздан аршылып түсіп қаламыз. Ал олай болмасын десек ендігі қозғалу керек. Егерде балаңызға тәрбие беруге уақытыңыз жоқ болса, оның немен айналысып, не бүлдіріп жүргенін білмейтін болсаңыз, Дуровтың виртуалды әлемін бұғаттау керек. Ал оған балаңыз екеуңіз көне алмасаңыздар, мәдениеттен қалып қоямын десеңіздер, үйдің ішінде отырып балаға мәдениеттің не екенін, ұлттың не екенін, тілдің, діннің, тәрбиенің не екенін түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз. Бала сіздікі болғанымен оның жақсылығы – елдің абыройы, жамандығы – елдің қасіреті.
Марғұлан Ақан,