27 қаң, 2021 сағат 16:11

Вице-министр журналистерді маркетингтің құрбаны болмауға шақырды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов журналистерді маркетингтің құрбаны болмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті журналистер! Сіздерді жалған сарапшылар мен арандатушылардан аулақ болуға, маркетингтің құрбаны болмауға, тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге және медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға шақырамын», - деді Марат Шоранов вакцинациялаудың «чиптеу» екені жайлы сыбыс негізсіз екенін айтып. 

Оның айтуынша пандемия жарияланғалы бері бір жыл өтіп, ол бүкіл әлемдегі халыққа сақтануды үйреткен. 

«Бүкіл адамзат өзінің басымдықтары мен құндылықтарын қайта қарауына мәжбүр болды. Бүгінгі күні бүкіл әлем вакцинация жүргізу - бәрімізді өмірге карантинсіз оралуға, экономиканы тұрақтандыруға, балаларды балабақшалар мен мектептерге, студенттердің дәріс залдарына оралуына және жалпы отбасымызбен, әріптестерімізбен, достарымызбен қауіпсіз қарым-қатынасқа оралуға мүмкіндік беретінін түсініп отыр!» - дейді ол.

«Сондықтан да, Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» - деді ол.