26 там, 2021 сағат 16:46

Венесуэладағы су тасқыны: 20 адам қаза тауып, 54 мыңнан астамы зардап шекті


Венесуэланың батысындағы Мерида штатында су тасқыны болып, салдарынан кем дегенде 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Мериданы басқаратын социалистік партияның ресми өкілі қаза тапқандар санының өскенін мәлім етіп, билік кейбір аудандарындағы телефон байланысын қалпына келтіріп жатқанын айтты. 

«Демократиялық әрекет» оппозициялық партиясының мүшесі, штат губернаторы Рамон Гевара 1200 үй қирап, 17 адам із-түзсіз жоғалғанын мәлімдеді. 

Ішкі істер министрі Ремигио Себальо мемлекеттік телеарнаға жолдар мен көпірлерді қоспағанда 87 муниципалитетте 54 543 адам зардап шеккенін хабарлады. Ол Мерида, Тачира, Сулия, Апуре, Амазонас, Боливар, Дельта-Амакуро, Монагас және Арагуа штаттарында төтенше жағдай жарияланғанын айтты. 

Қазіргі уақытта қарулы күштердің әскери қызметшілеріне қосымша 80 өрт сөндіруші мен 60 азаматтық қорғаныс қызметкері апат салдарын жою жұмыстарына тартылған.