01 ақп, 2021 сағат 16:55

Велоспорттан «Валенсия Вуэльта» жарысы кейінге шегерілді

Велоспорттан 3-7 ақпан күндеріне жоспарланған Валенсия Вуэльта-2021 веложарысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған веложарыс биыл 72-ші рет өткізілуі тиіс болатын. 

Жарыстың кейінге қалдырылуына коронавирус пандемиясы себеп болып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, велобәйгенің қашан өтетіні алдағы уақытта хабарланады.