11 там, 2021 сағат 04:25

Вашингтонда мемлекеттік қызметшілер вакцина салдыруға міндеттелді


Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Коронавирустың «дельта» мутациясы салдарынан ауру неғұрлым ауыр түрде жүреді және өлім қаупі жоғары, вирустың бұл түрі бүкіл әлемге таралды. 

Ресейлік вакцина жасаушылар «КовиВак» препаратының «дельтаға» қарсы тұра алатынын сенімді түрде мәлімдеді. 

«КовиВак» препараты жасалған Чумакова атындағы орталықтың ғалымдары препараттың негізі ретінде SARS-CoV-2 вирусы қолданылатынын атап өтті. 

Вакцинада вирустық бөлшектер ақуыздарының барлық жиынтығы бар және бұл иммундық жауаптың толық қалыптасуына мүмкіндік береді. 

Индонезия провинцияларында 101 миллионнан астам вакцина қолданылған. 

«COVID-19 препаратының мұндай мөлшері халықтың вакцинаға деген қажеттілігінің жартысын жабуға жеткілікті», - деді Индонезия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. 

«Жалпы 101,686,980 дозаның шамамен 74,530,201 дозасы 34 провинцияда қолданылды», - деді денсаулық сақтау министрлігінің вакцинация жөніндегі өкілі Надя Тармизи. 

Қолданылатын вакциналардың қатарында Синовак, КоронаВак, АстраЗенека, Модерна және Синофарм бар. 

Индонезия коронавирусқа қарсы иммунитетті арттыру үшін 208 265 720 азаматты вакциналауды жоспарлап отыр. 

АҚШ-тың Вашингтон штатында шенеуніктер мен медицина қызметкерлеріне міндетті вакцинация енгізілді. Бұл шарт жұмысқа орналасу үшін қажет.

Мемлекеттік қызметкерлер, жеке медициналық орталықтардың, сондай-ақ ұзақ мерзімді күтім бойынша қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері 18 қазанға дейін толық вакцинация курсынан өтуі керек.

Таиландта пандемия кезіндегі өлім-жітімнің тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд тіркелді - 235 жағдай.