14 мам, 2020 сағат 15:00

Вашингтонда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

Колумбия өңірінің мэрі Мюриэль Баузер «үй карантині» режимін 8 маусымға дейін ұзартып, жаңа қауіпті коронавирустың таралуын тоқтату үшін аймаққа көбірек уақыт керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" nbcwashington.com ресурсына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл ереже 15 мамырдан кейін жойылады деп болжанған. 

«Режимді асығыс алып тастау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Біз экономикамызды қалпына келтіруге тырысып жатырмыз... Бірақ вирус екінші рет кең тарап кетсе, одан да қиын жағдай болатынын түсініп отырмыз», - деді Баузер. 

Оның айтуынша, қала қабылданған ережелерді кезең-кезеңімен алуды шешсе, үй карантині режімін кез келген уақытта қайта қарауға болады. 

Жергілікті биліктің статистикасы бойынша, Колумбия аймағына қарасты Вашингтонда жалпы COVID-19 жұқтырған 6584 адам тіркеліп, оның 350-і қайтыс болған.