Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда жолаушыларды орналастыру тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Вагондарда жолаушыларды отырғызу билет пен орналастыру орындарының болуына қарай іске асырылады. Адамдарды орындарына отырғызу бойынша қосымша талаптар ескерілмеген. Купе және плацкарт вагондарында тек билеттер бойынша отырғызылады», - деді С. Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, жолаушыларды орналастыру стандартты тәртіпте іске асырылады.
«Маска тағу режимін, адамдардың қозғалысын, пойыздарда адамдардың тығыз топтаспауына жол бермеуді қадағалау мәселелелерін жолсеріктер реттейді», - деді ол.
Сонымен қатар жолаушылар өздерімен бірге қажетті тамағын алып жүре алатынын жеткізді.