30 жел, 2024 сағат 17:01

Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю фотоға түсірілді

Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А.Пулатов еліміздің өте аз бөлігінде ғана кездесетін сирек жыртқыш итаюды (Mellivora capensis) фотоға түсірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Итаю Үстірттің терең шатқалдарын және сексеуіл, баялыш және қараған өсетін жерлерін мекендейді. Кешке және түнде белсенді. Итаю жылына бір рет көбейеді, ал қысқа ұйқыға кетеді.