#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Үш аппаратқа 78 миллион теңге: бас дәрігер құрылғы құнына қатысты түсініктеме берді

  • 10.07.2020
  • 0
  • 190

№1 Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жұмажанов жалпы құны 78 миллион теңгеге үш жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алу себебін түсіндірді.

Бұған дейін аталған аурухана әрбірінің бағасы 26 миллион теңгеге бағаланған жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат БАҚ-та жарияланған болатын.

Сонымен қатар, жақында ғана Семейдегі медициналық жедел жәрдем станциясы 15,5 миллион теңгеге 25 жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алуға тендер өткізген. Ал Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай 60 медициналық құрылғы алу үшін 37,2 миллион теңге бөлсе, Атырау облысы 15 қондырғыға 9,3 миллион теңге қарастырған.

Салыстырмалы түрде осындай деректер жария болғаннан кейін павлодарлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары қалалық ауруханада арнайы тексеру жүргізді.

Аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жұмажанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасындағы эфирінде мәселенің мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, жасанды тыныс алдыру құрылғылары әртүрлі болып келеді: науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдауда қолданылатыны – портативті  және ауруханаларда орнату арналған стационарлық қондырғылар – стационарлы.

"Біз әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын әйгілі неміс компаниясынан анестезиологиялық және реанимациялық үш стационарлық құрылғыны алғымыз келеді", – деді Нұрлан Жұмажанов.

Бас дәрігердің айтуы бойынша портативті тыныс алдыру аппараты шамамен 500 мың теңге тұрса, стационарлық қондырғы – 20 мен 40 миллион теңге аралығын құрайды.

Айта кетейік, қазіргі кезде №1 Павлодар қалалық ауруханасында он стационарлық тыныс алдыру құрылғысы бар, олардың барлығы да жұмыс істеп тұр.

Sputnik Kazakhstan

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар