02 қар, 2020 сағат 11:58

«Үркер» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

«Үркер - 2020» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп 2 қазанда «Үркер - 2020» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдауды бастады. Қатысушылардың өтініштері бойынша өтінім қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 қараша сағат 18:00-ге дейін ұзартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет журналистика саласындағы үздік жетістіктерді бағалау үшін және журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды бекітуге бағытталған. 

Бәйгенің қатысушылары қатарына контентті өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостансалар, баспа және интернет-басылымдар енеді. 

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар: 

- жұмыстар 2019 жылғы 1 қаңтар мен 1 қараша аралығында жариялануы тиіс;

- жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.

«Үркер - 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн форматта 13 қарашада өтеді.

«Үркер - 2020» 11 номинация бойынша марапатталады:

1. Жылдың үздік фотосуреті;

2. Жылдың үздік репортажы;

3. Жылдың үздік аналитикалық материалы;

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі;

5. Жылдың үздік сұхбаты;

6. Жылдың үздік танымдық материалы;

7. Радиостанциядағы үздік жоба;

8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы;

9. Жылдың үздік газеті;

10. Жылдың үздік журналы;

11. Шерхан Мұртаза атындағы номинация.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табыс етіледі. Өтінім беру шарттары өзгерген жоқ, толық ақпаратпен urker-awards.kz сайтында танысуға болады.