UNESCO өкілдері жастарды Ұлы Жібек жолының мұрасын зерттеуге бөлінетін стипендияға өтінім беруге шақырады. Бұл - UNESCO-ның жаңа бастамасы, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.
10 мың доллар грант мына тақырыптарды зерттейтін 12 жас ғалымға беріледі:
- Жібек жолының ортақ мұрасы және көпқырлылығы
- Жібек жолының мәдени саналуандығы
- Жібек жолы мұрасы қазіргі заманғы шығармашылықтың, мәдениетаралық диалогтың, әлеуметтік тұтастықтың, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде.
35 жасқа дейінгі аспирантура студенттері грант алуға өтініш бере алады.
Зерттеулерге жеке тұлғалар да, жас ғалымдар тобы да қатыса алады.
Өтінімдер 18 сәуірге дейін қабылданады.
Толық ақпаратты UNESCO ресми сайтынан табуға болады.