17 там, 2020 сағат 09:55

Үндістандағы көшкін 58 адамның өмірін қиып кетті

Үндістанның оңтүстіктегі Керала штатында көшкіннен қаза тапқандар саны тамыздың басынан бері 58 адамға жетті, деп хабарлайды The Hindu газеті.

Басылымның хабарлауынша, өткен тәулікте муссон жаңбырынан болған көшкін ең көп зардап шеккен Муннар ауданында тағы да қайталанған. Кем дегенде 2 адам мерт болып, 12 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен, 100-ге жуық адам баспанасыз қалды.

Негізінен көшкін құрбаны болғандар – шай өсіру плантацияларының жұмысшылары. Өңірде құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, оның жүргізілуіне нөсер жаңбыр мен қатты тұман кедергі келтіруде.

Керала үкіметінің бас министрі Пинарайи Виджаян мәлім еткендей, билік зардап шеккендерге қаржылық қолдау көрсетіп, көшкін салдарынан қираған елді мекендердің тұрғындарына уақытша лагерьлер ашқан.