Жұма күні Үндістан жаңа коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 400 000-ға жеткені туралы мәлімдеді, олардың жартысы соңғы екі айда тіркелген, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы тәулікте коронавирустан 453 адам қайтыс болған, осылайша пандемияның басынан бері өлім саны 400 312-ге жетті.
Джонс Хопкинс Универистетінің дерегіне сай, Үндістан қазіргі кезде өлім саны бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр.
Соңғы тәулікте елде 46 617 адам коронавирус жұқтырған, жалпы саны – 30 458 251.
Мамырда Үндістанда әлем бойынша 400 000-нан асатын бір тәулікте ең көп жұқтыру оқиғасы тіркелген, маусымның екінші жартысында жұқтыру саны азая бастады – күніне 50 000-нан аз оқиға тіркеліп отырды.
Ел үкіметі Delta Plus нұсқасының пайда болуын ескере отырып, жақын айларда инфекцияның үшінші толқынына дайындықты күшейтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, вакциналау бағдарламасының басынан бері 340 миллион доза екпе салынған.