16 қыр, 2020 сағат 13:27

Үндістанда жолаушылар кемесі аударылып, бірнеше адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік-батысында Раджастхан штатындағы Чамбал өзенінде сәрсенбі күні таңертең жолаушылар мінген кеме аударылды, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.

Олардың мәліметі бойынша, оқиға Кота аймағында болған. Салдарынан жеті адам суға батып, тағы 14-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Кемеде шамамен 25-30 адам болған. 

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр, құтқарушылар бірнеше адамды аман алып қалды.

Болжам бойынша, оқиғаға өзенде толқынның күрт көтеріліп кетуі себеп болған.