02 мам, 2021 сағат 12:43

Үндістанда вакцина жетпей жатыр


Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте елде 401 993 жаңа инфекция анықталды. Елде коронавирустан көз жұмғандар саны соңғы 24 сағат ішінде 3,5 мыңға артып, 211,8 мың адамға жетті, деп хабарлайды BBC.

Үндістанда он күн қатарынан тәулік сайын 300 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 

Бүгінге дейін Үндістанда тек дәрігерлер мен 45 жастан асқан адамдар ғана коронавирус вакцинасын алып келді. 1 мамырдан бастап елде 18-45 жас аралығындағы халықты вакциналау басталуы керек, бірақ бірқатар штаттар билігі вакцинаны жеткіліксіз деп ескертті.

Делидің бас министрі Арвинд Кеджривал адамдардан вакцинаға кезекте тұрмауларын сұрады, өйткені Үндістан астанасы әлі қажетті дәрі-дәрмектерді алған жоқ. 

«Алдағы бірнеше күнде вакцина орталықтарына келмеулеріңізді сұраймыз. Бүкіл елде көптеген адамдар вакцинаға жазылды, бірақ біз вакцина алған жоқпыз. Біз компаниялармен үнемі байланыста боламыз және дәрі-дәрмектерді бір-екі күнде аламыз деп үміттенеміз», - деді ол.