Жексенбі күні Үндістан COVID-19 коронавирусының жаңа штамының таралуын тоқтату үшін елде қатаң карантин шараларын тағы екі аптаға ұзарту туралы жариялады, – деп хабарлайды WAM агенттігі.
Елде карантин 25 наурызда енгізілген болатын. Бірақ осы айдың басында карантин шаралары біртіндеп алына бастаған еді. Үндістанда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңа жағдайлары тәулігіне рекордты көрсеткіш - 4 987 адамға жеткенде, елдің ішкі істер министрлігі карантинді ұзарту туралы шешім қабылдады.
Соңғы деректер бойынша Үндістанда коронавирустан көз жұмғандар саны 2872 адамға жетті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі қазіргі уақытта 34 108 пациент сауығып шыққанын атап өтті.
Ішкі істер министрі Аджай Бхалла карантиннің аяқталуына алты сағат қалғанда (жексенбі күні сағат 12:00-де) ішкі және халықаралық әуе тасымалдау қызметі мамыр айының соңына дейін тоқтайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ қалаларда метро да жүрмейді. Барлық оқу орны әлі ашылмайды, онлайн оқу оқыту жалғаса береді. Қонақүйлер, мейрамханалар, кинозалдар, сауда орталықтары, спортзалдар, бассейндер, театр мен спорт кешендері де бұрынғыша белгіленген карантин режимі аяқталғанға дейін жабық күйінде қалады.
Діни шаралар өткізуге 31 мамырға дейін тыйым салынған. Үндістанда қатаң коменданттық сағат күн сайын сағат 19:00-ден 07:00-ге дейін енгізіледі.