Биылғы жылдың бірінші жартысында Үндістанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны кезінде кем дегенде 798 дәрігер қайтыс болды. Бұл туралы сәрсенбі күні Times of India газеті жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Вирустан ең көп көз жұмған дәрігерлер Дели қаласының астаналық аумағында тіркелген. Биыл мұнда коронавирустан 128 дәрігер қайтыс болды. Шығыстағы Бихар штатында өмірден озған дәрігерлер саны 115 адам болса, солтүстіктегі Уттар-Прадеште 79 дәрігер қайтыс болды.
Ал өткен жылы бүкіл Үндістан бойынша коронавирустан 748 медициналық қызметкер көз жұмған еді.
1 шілде күні елде атап өтілетін Медициналық қызметкерлері күні қарсаңында Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди дәрігерлердің коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу және миллиондаған отандастарының өмірін құтқарудағы айрықша үлесін атап өтті.
Өткен тәулікте дәрігерлер елде коронавирус жұқтырудың 45 951 жаңа оқиғасын тіркеген. Эпидемия басталғалы, Үндістанда қауіпті вирус жұқтырғандардың жалпы саны 30 362 848 адамға жетті. Қайтыс болғандар саны - 398 454.