Махарашта штатындағы ауруханада болған өрт кезінде 10 нәресте қаза тапты, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.
Телеарна хабарлауынша, өрт сенбі күні 02:00 шамасында Бхандара округіндегі аурухананың жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бөлімінде басталған. Сол сәтте ауруханада 17 сәби болған.
Құтқарушылар жеті нәрестені аман алып қалды, бірақ олардың арасында зардап шеккендер бар. Ал кішісінің туғанына бірнеше күн болған, үлкені үш айлық 10 бала газдан уланып, көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша, электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болған.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
«Махараштра штаты, Бхандарада өте қайғылы оқиға болып, біз нәрестелерімізден айырылдық. Мен қаза тапқандардың отбасымен біргемін. Зардап шеккендер тез арада сауығып кетеді деп үміттенемін», - деп жазды премьер өзінің Twitter парақшасында.