06 там, 2020 сағат 14:22

Үндістанда ауруханада болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті

Үндістанның Гуджарат штатының батысындағы Ахмедабад қаласының ауруханасында өрт болып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды The Times of India басылымы.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің тұтануына желдету жүйесіндегі келеңсіздік себеп болған. Қызыл жалын жарты сағатта сөндірілді. Тілсіз жаумен ондаған құтқарушы мен 15 арнайы техника күресті. Қалған науқастар уақытша басқа ауруханаларға көшірілді. 

Үндістан премьер-министрі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, өрттен зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тіледі.