Коронавирустың "дельта" штамы бойынша ауру ұзақтығы ұлғайып, инкубациялық кезең, керісінше, қысқарды.
Бұл туралы РҒА корреспондент-мүшесі, Роспотребнадзор ОҒЗЭИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Горелов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
"Шынымен де, дельта штамының генотипі вирустың жылдам таралуымен және аурудың ауыр формасымен ерекшеленеді. Жаңа штамм инкубациялық кезеңнің мерзіміне кейбір түзетулер енгізді – ол қысқарып, ал ауру ұзақтығы, керісінше, ұлғайып отыр. Өйткені коронавирус ауыр түрде өтеді", - деді Горелов.
Бұл ретте аурудың ауырлығы көп жағдайда иммунитеттің вируспен кездескендегі жай-күйіне байланысты болады, деді дәрігер.
Сондай-ақ Горелов аурудан қорғану үшін COVID-19-ға қарсы вакцина алудың маңыздылығын атап өтті.