06 шіл, 2021 сағат 13:29

Ұлықбек Есдәулет: Нұр-Сұлтан ақын-жазушыларды өзінің шығармашылық келбетімен шабыттандырады


Ақын, журналист, редактор, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлықбек Есдәулет Нұр-Сұлтан қаласы – мемлекетіміздің жүрегі, экономикалық дамудың тірегі, еліміздің мәдени келбеті екенін атап өтті.

«Бұрын Ақмола, кейін Астана, ал бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы ретінде танымал. Біз қаланың қалай дамып, ғимараттардың бой көтеріп, көшелердің абаттандырылуына куә болдық. Астанада сәні мен салтанаты жарасқан түрлі сәулет құрылыстарын, атап айтқанда, Пирамида, Хан Шатыр мен басқаларын көруге болады. Мұнда Батыс пен Шығыстың стилі араласып, Астананы ерекше сәулет нысанына айналдырды», - дейді ақын.

Оның айтуынша, Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтандағы филиалының ғимараты да өзінің ерекшелігімен танымал. 

«Барлық форумдар бас қалада өтеді. Астанадағы барлық танымал жазушыларға ескерткіштер қойылып, аллеялар мен алаңдар ашылды. Астана ақындар мен жазушыларды жаңа туындыларға шабыттандырады», – Ұлықбек Есдәулет.