12 қаз, 2020 сағат 06:41

Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орында келеді

Футболдан Қазақстан құрамасы үшінші турдан кейін Ұлттар лигасындағы топта бірінші орында қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әуелі Алматыда Қазақстан құрамасы Албания командасымен кездесті. Бұл матчта жеңімпаз анықталмады. Есеп 0:0 болды. 

Екінші ойында Литва құрамасы Беларусьті қабылдады. Бұл ойында да екі команда тең түсті. Есеп – 2:2. Алаң иелерінен Арвидас Новиковас (7-ші минутта) және Каролис Лаукжемис (75-ші минутта) гол соқты; Беларусь командасынан Виталий Лисакович (59-шы минутта, пенальтимен) және Александр Сачивко (66-шы минутта) көзге түсті.

4-топта, алдыңғы турдағыдай, тағы ерекше жағдай тіркелді: барлық төрт команда бірдей 4 ұпайдан жинады. Қазақстан құрамасы соғылған және өз қақпасына жіберіп алған голдар айырмашылығының арқасында бірінші орынды сақтап қалды. Келесі матчта 14 қазан күні қазақстандықтар Беларусь құрамасымен ойнайды.