21 қаң, 2021 сағат 18:02

Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты

Харьков қаласында қарттар үйі болған екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

«21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 15:03-те (елорда уақытымен 19:03) Харьков қаласының Нижняя Гиевскя көшесіндегі 150 Б-үй өртенді. Өрт қарттар үйі болған нысанның екінші қабатында басталған. Сағат 16:05-те ғимараттан өлген 15 адамның денесі табылды, тағы 5 адам зардап шеккен», - делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет таратқан хабарламада.

Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 28 маман және 7 техника жұмылдырылған. 

Қайғылы оқиға мемлекеттік деңгейдегі төтенше жағдай деп белгіленді. Қалалық кеңес сағат 17-де оқиғаға қатысты отырыс өткізетін болды.