26 ақп, 2019 сағат 10:03

Украина жүзіп жүретін ғарыш айлағын салмақ

Украинаның «Южмаш» мемлекеттік кәсіпорны ғарышқа жүзіп жүріп зымыран ұшыратын платформа жасау бастамасын көтеріп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Укринформ» агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын директоры Сергей Войттың сөзіне қарағанда, жүзіп жүретін ғарыш айлағы Херсон облысында салынуы ықтимал.

«Бізде әлдеқашан ғарышқа зымыран ұшыратын платформамыз болуы қажет еді, оны Херсонщинада салуға болады», - дейді С. Войт.

«Южмаш» зымыран құрастыруға маманданған кәсіпорын болғанымен Украинаның өз ғарыш айлағы жоқ.