11 там, 2022 сағат 12:14

ҰҚК шекарада тәркіленген қару-жарақтар туралы айтты


ҰҚК Шекара қызметі 2022 жылдың басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні, 8 мың бірліктен аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркілеп, оқсыз атылатын қаруды әкетудің 2 фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралары нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.

Барлық жағдайда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді" - делінген хабарламада.