02 қар, 2022 сағат 16:04

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі курьерінен 30 келіден аса гашиш табылды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті көп кезеңді арнайы операцияны іске асыру барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын елордаға жеткізудің тұрақты арнасын жойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 29 қазанда Полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушысы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, есірткілердің жалпы салмағы - 32 келі гашиш пен 1.5 келі марихуана. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.