COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін Ухан вирусология институтында жұмыс істеген аустралиялық вирусолог Даниэль Андерсон Bloomberg-ке берген сұхбатында SARS-CoV-2 коронавирусының тарауына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews порталы Газета.Ru сайтына сілтеме жасаап
Андерсон коронавирустың тарауына байланысты бір ғана ойды ұстанып отырғанын айтады. Оның айтуынша, 2019 жылдың соңына қарай зертханада ол және оның әріптестерінің ешқайсында коронавирус симптомдары байқалмаған.
"Егер адамдар жұқтырып алған болса, мен де жұқтырып алуым керек еді деп болжап отырмын, бірақ олай болған жоқ", - дейді ол.