Уганданың батысында жоғары жылдамдықты тасжолда бес көлік соқтығысып, 32 адам қаза болды, деп хабарлайды Daily Monitor газеті.
«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жоғары жылдамдықты Форт-Портал – Касесе тасжолында 2 ақпан күні бес көлік соқтығысып, 32 адам оқиға орнында мерт болды, тағы бес адам ауыр жарақат алды», - деп мәлімдеді Уганданың Қызыл Крест өкілі Иран Накасита.
Куәгерлердің айтуынша, жол апатына жүк көлігін жүргізуші себеп болған. Ер адам рульге ие бола алмаған. Автокөлік шанағында адамдар болған.
Полиция апаттың жай-жапсарын тергеуді бастады.