Уганда еліндегі Альберт көлінде қайықтың аударылуы салдарынан кем дегенде 30 адам суға батып кетті. Бұл туралы оңтүстікафрикалық SABC радиостансасы хабарлады.
«Оқиға 22 желтоқсанның кешінде орын алды. Бұл кезде балықшылар аулаған балықтарын алып, жағаға шығуға дайындалып жатқан. Қайықтың ішінде 47 адам болды, сондай-ақ базарда сатуға арналған балық тасымалданған. Айлаққа жақындаған кезде, қайық аударылып кеткен», - деп мәлімдеді Рунга кентіндегі порт қызметкері Ашраф Оромо.
Оның айтуынша, 30 адам қаза тапқан, 12 адам құтқарылды, қалғандары із-түссіз жоғалған.
Альберт көлі Африкада көлемі жағынан жетінші орында, Ніл өзенінің жоғары жағының су жүйесіне кіріп отыр. Ол Уганда мен Конго Демократиялық Республикасының шекарасында орналасқан. Көлдің ұзындығы – 160 шақырым, ені – 30 шақырым. Тереңдігі – 51 метр.