17 қыр, 2020 сағат 12:20

Угандада аса қауіпті қылмыскерлердің түрмесінен 219 тұтқын қашып кетті

Уганданың солтүстік-шығысындағы аса қауіпті қылмыскерлерге арналған түрмеден 200-ден астам тұтқын бір әскери қызметкерді өлтіріп, қашып кеткен, деп хабарлайды кениялық Nation газеті.

Уганданың түрмелер бойынша бас комиссары Джонсон Бьябашайидің айтуынша, Морото қаласындағы түрмедегі бір топ тұтқын 16 қыркүйек күні күзетшілерге шабуыл жасап, 15 винтовканы алып кеткен. Олардың соңына қамауға алынған басқа қылмыскерлер де ілескен. Олардың жалпы саны - 219 адам. 

Джунглиде тығылып жатқан қашқындарды ұстау үшін ауданға әскери бөлім келді. Операцияға бригадалық генерал Флавия Беквасо жетекшілік етеді. Ол жергілікті тұрғындарды қырағы болуға шақырды. 

Моротодағы түрмеге ауыр қылмыс жасаған адамдар қамалады. Әзірге үш қашқын ұсталды. Әскерилердің айтуынша, тағы біреуі залалсыздандырылды.