28 мам, 2020 сағат 10:03

ҰБТ-да шпаргалкамен ұсталған түлектер тестілеуге жіберілмейді

ҰБТ кезінде қойылатын талаптар туралы қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҰБТ өткізуді арнайы мониторинг тобының мүшелері бақылайтын болады. Артық ақпарат алуға болатын заттар, смартфондар, шпаргалкалар табылған жағдайда оқушы тестілеуден автоматы түрде алынады. Тіпті одан кейін ақылы түрде тапсыруға да рұқсат берілмейді», - деді департамент басшысы онлайн брифинг барысында.

Гүлнара Ермекбаева биыл Алматыда ҰБТ-ға 14 972 түлек қатысатынын айтты. Оның 9044-і мектеп түлектері болса, қалғаны – орта кәсіптік білім беру орындарының бітірушілері. Ал мектеп бітіргені туралы аттестат 3-4 маусымда мектеп қабырғасында тапсырылады.

Департамент басшысы ата-аналарға балаларының қасына еріп келмеуге кеңес берді. Қалада 545 оқушы Алтын белгіге үміткер.