Табаско штатының түрмелерінің бірінде тәртіпсіздіктер салдарынан 16 адам жарақат алды, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды El Financiero газеті.
Сейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де түрмеден зорлық-зомбылық туралы хабарлама кеп түскен. Оқиға орнына мемлекеттік және федералды полиция, бас прокуратура және ұлттық гвардия қызметкерлері келген.
Сот-медициналық қызметке сілтеме жасай отырып, зардап шеккендер санының әлі де көбеюі мүмкін екені хабарланады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тұтқындардың екі тобы жазасын өтеп жатқан мекемені өз бақылауына алу үшін төбелескен.