14 там, 2021 сағат 10:16

Түркиядағы су тасқынынан мерт болғандар саны өсті


Түркияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Кастамон және Синоп провинцияларында болған су тасқынынан көз жұмған адамдар саны 38-ге жетті. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Кастамонда су тасқынынан 32 адам көз жұмды. Тағы 228 зардап шегіп, оның 12-сі ауыруханаға жатқызылды», - деді Коджа.

Министрдің сөзіне қарағанда, Синоп провинциясында да табиғи апат алты адамның өмірін қиған және 56 тұрғын зардап шекті.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияның солтүстігіндегі Кастамону провинциясында су тасқыны салдарынан 25 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Су тасқыны 11 тамызда Синоп, Бартын, Карабюк және Кастамону провинцияларында болды. Түркияның солтүстік провинциясы Бартында көпір қираған.