13 там, 2021 сағат 16:46

Түркиядағы су тасқыны: 27 адам мерт болды


Түркияның солтүстігіндегі Кастамону провинциясында су тасқыны салдарынан 25 адам қаза тапты, көршілес Синоп провинциясында екі адам мерт болды. Бартында із-түзсіз жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді. 

Барлық тиісті мекемелер, ұжымдар мен көлік құралдары эвакуациялық, іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған.

Бартында электр беру толығымен қалпына келтірілді, ал Кастамонуда 112, Синопта 86 ауыл әлі күнге дейін жарықсыз қалып отыр.

Кастамону, Бартын мен Синопта 833 адам психологиялық және әлеуметтік көмек алуда.

AFAD деректеріне сай, Бартында 232, Кастамонуда 925, ал Синопта 472 адам эвакуацияланған.