02 шіл, 2021 сағат 15:47

Түркияда вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолданылды


1 шілдедегі жағдай бойынша Түркияда коронавируске (COVID-19) қарсы вакциналардың 50 миллионнан астам дозасы қолданылды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтты. 

«Вакцина - пандемиямен күресте ең тиімді қару. 1 шілдедегі жағдай бойынша біздің елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолданылды», - деді Режеп Тайып Ердоған.

Ердоған жақында белсенді түрде қолданыла бастайтын түрік өндірісінің TURKOVAC вакцинасының арқасында коронавирус инфекциясымен күрес анағұрлым ауқымды және тиімді болатынына сенім білдірді.

Мықты денсаулық сақтау жүйесі, медицина қызметкерлерінің айқындылығы мен азаматтардың сезімталдығы Түркияға жақын арада қажетті мақсатқа жетуге мүмкіндік береді, деп толықтырды ол.