24 қыр, 2020 сағат 17:32

Түркияда коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы мүмкін

Түркияда коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдар туралы жалған ақпарат таратқандар 3 айдан екі жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Бұл туралы Анадолы агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың белгілі бір санаты науқастарды, әсіресе жеке сектор қызметкерлерін оқшаулаудың экономикалық салдарын болдырмауға үміттеніп, полиция мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен байланыстары туралы ақпаратты жасырғанды жөн көреді. 

Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады және Түркияның Қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес 3 айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл қарастырылған деп көрсетілген.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда коронавирус инфекциясы жағдайларының саны 308 069-ға жетті, оның 270 мыңнан астамы ауруынан айықты.