Түркияда 14 қаңтарда басталған жаппай вакцинация кампаниясы аясында COVID-19-ға қарсы вакцинаның 73,82 млн дозасы салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы республиканың Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
Ведомствоның мәліметінше, 41,15 млн адам екпенің бірінші дозасын салдырса, 27,62 миллионнан астам адам толық вакциналанды.
Өткен тәулікте қауіпті вирустан тағы 5 947 пациент сауығып шықты.
Тағы 22 898 коронавирус жұқтыру жағдайы және 91 өлім жағдайы тіркелді.