29 мау, 2021 сағат 16:30

Түркия ғалымдары бірден 11 ежелгі кереметті тапты


Археологтар Түркияда әлемдегі ежелгі ғибадатхана кешендерінің бірі Гебекли-Тепеның маңайынан адамдардың қолымен жасалған тағы 11 ірі төбені тапты, деп хабарлайды Daily Sabah газеті.

Басылымның ақпараты бойынша, шамамен 12 мың жыл бұрын тұрғызылған төбелер үйінділермен қоршалған, олардың ара қашықтығы 100 шақырым.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой журналистерге берген сұхбатында ғалымдардың бұл ауданды «Он екі төбе» және «Түркияның оңтүстік-шығысындағы пирамидалар» деп атағанын мәлімдеді.

Гебекли-Тепе 2011 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірген, алғаш рет 1963 жылы Ыстанбұл және Чикаго археологтары тапқан.

Кейінірек, 1995 жылы ғалымдар бұл жерлерде биіктігі 3-6 метр, салмағы 40-60 тонна неолит дәуірінің Т-тәрізді обелисктерін, сонымен қатар 12 мың жылдық адам мүсіндері сынды түрлі артефактілер тапқан.