30 шіл, 2020 сағат 09:20

Түркияда 2,5 ай бұрын із-түссіз кеткен қазақстандық іздестірілуде

Түркияда із-түссіз кеткен 21 жастағы қазақстандық бойжеткен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бізде бойжеткеннің жоғалып кеткені туралы ақпарат бар. Бізге белгілі болып отырғаны, ол үйінен екі жарым ай бұрын кетіп қалған. Құжатсыз. Тек Түркияда тұру туралы құжаты бар. Біздің Анталиядағы консулдығымыз бойжеткенді іздеп жатқан жергілікті полициямен байланыс ұстап отыр. Оқиға бақылауда», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.